kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сот процесін реформалау

Бүгін Екібастұз қаласының әкімдігінде «Қылмыстық процесті  реформалау мен құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облыстық сотының төрағасы М.К.Смағұлов;  Павлодар облыстық сотының судьясы Т.Т.Махватов; Екібастұз қалалық сотының төрағасы К.С.Байгоншеков; Екібастұз қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.К.Қалдаров; Екібастұз қаласы прокуратурасының, ішкі істер басқармасының, жергілікті полиция қызметінің өкілдері; адвокаттар; Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қатысты.

ҚР Бас прокуратурасы бастамашылық жасап отырған қылмыстық процесті  реформалау мен қылмыстық істі цифрландыру  және қылмыстық процесті азаматтар мүддесінде оңтайландыру мәселесі талқыланды.

Негізгі баяндамашылар Екібастұз қалалық сотының судьясы Н.М.Қайырбеков, Екібастұз қаласы прокурорының міндетін уақытша атқарушы Р.М.Түйебаев  және  Екібастұз қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы В.Р.Бримжанов.

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.К.Смағұлов Елбасының  тапсырмасы бойынша реформа жасаудың жолдарын әзірлеу үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті. ФГР, Ұлыбритания, Эстония, Грузия сияқты елдердің тәжірибесі мен құқықтың қалыптасу тарихы зерделенді.

Спикерлер өз баяндамаларында ұсынылып отырған  қылмыстық процесс пен құқық қорғау қызметіндегі реформа қылмыстық процесте адам құқығын қорғауды нығайту жөніндегі міндеттерді  іске асыруға, тараптар бәсекелестігін арттыруға, соттық бақылауды кеңейтуге, сондай-ақ  қосарласуды болдырмауға және тергеу, прокуратура және сот органдары арасында өкілеттіктерді нақты бөліп беруге  бағытталғанын  көрсетті

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза