Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мобильді топтың» мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша шығуы

Мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібін түсіндіру  жөніндегі «Мобильді топ» 2017 жылғы 12 қыркүйекте Шідерті кентінің және Бозшакөл, Төртқұдық  ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, ХҚКО, өкілдерінің, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен Шідерті кентінде жер қатынастары саласындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында елді мекен тұрғындарының қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2 ЭЦҚ, 26 соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама және 3 азаматқа мекенжай анықтамасы берілді.

«Мобильді топтың» келесі ауылдарға  баруы кестеге сәйкес 2017 жылғы 19 қыркүйекте Шиқылдақ ауылында өтеді.

Ауылдарға бару кестесін Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен ХҚКО-ның ғимараттарынан көруге болады.       

         «Мобильді топтың» ауылдарға шығулары туралы анықтама үшін телефондар: «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ -342030, ХҚКО – 776693.