Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 31-ө ӨКІМ

2013 жылғы 5 маусым

 

Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы

 

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 шілдедегі “Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы” № 30 шешіміне сәйкес, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және Қаржы полициясы күнін  мерекелеуге байланысты:

 

Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен наградталсын

1

Ербол Бекболатұлы Мұхамедьянов

Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясы ауданаралық басқармасының бас тергеушісі, қаржы полициясының майоры

2

Ерхан Хасылбекұлы Сарсенбаев

Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясы ауданаралық басқармасының тергеу және анықтау бөлімінің бастығы, қаржы полициясының капитаны

3

Талғат Еркенұлы Сламбеков

Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясы ауданаралық басқармасының экономикалық және қаржылық алдын алуларды ашу бойынша бас инспекторы, қаржы полициясының майоры

Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты жіберілсін

4

Ләззат Закарияқызы Қүнісоваға

Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясының ауданаралық басқармасының құпиялықты қамтамасыз ету тобының инспекторы

5

Айтпай Төлеубайұлы Шарапиевке

Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясы ауданаралық басқармасы әкімшілік ғимаратының шаруашылық секторының меңгерушісі

 

2.Қала әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаева қала әкімінің  мадақтауларын салтанатты түрде тапсыруды қамтамасыз етсін.

 

 

 

Екібастұз қаласының

 әкімі                                                                                          А. Вербняк