Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының м.а.
2017 жылғы «4» қыркүйегі
№ 3-03/21 бұйрығымен бекітілді

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

 

1. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және Аппараттың ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін білдіреді.

Қоғамдық қатынастардың саласы: жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

Стандарт Аппаратың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыруға, кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайына қол жеткізуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу үшін қалыптастырылды.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандартты әзірлеушінің атауы: «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың оқшауланған қоғамдық қарым-қатынастар саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын жүзеге асыру:

- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдау және дәйекті түрде оны іске асыру;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтау мен қорғау, олардың бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

- қоғам мен мемлекет игілігі үшін қызмет ету, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;

- табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту. Үшінші тұлғалардың мүдделерін қолдау, сол сияқты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан бас тарту;

- басқа да мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына бағдарланып, тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- құқық бұзушылықтар және қылмыстар жасауға итермелеу әрекеттері туралы басшылыққа баяндау;

- «бір терезе» қағидаты шараларын кеңейту, мемлекеттік қызметтерді, лицензия немесе рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушімен тікелей байланысын азайту;

- заңмен құпияға жатқызылған сипаттағы мәліметтерге немесе мемлекеттік қызметшігелауазымдық міндеттерін атқару кезінде мəлім болған қызметтік ақпаратқа сәйкес мемлекеттік қызметке байланысты емес мақсаттарда мәліметтерді жария етпеу және пайдаланбау;

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

- рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

- қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

- қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;

- нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;

- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

- қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

- қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

- қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын реттеу туындаған жағдайда дер кезінде шаралар қолдану;

- қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою;

- қарамағындағы қызметкерлермен құмар ойындарға қатысудан бас тартуға;

- қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауына жол бермеу,

-қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алуға итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;

- қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайда мүдделерін басшылыққа алудан бас тарту;

- қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуге жол бермеу;

- басқа адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасауға ынталандыру және итермелеуден бас тарту;

- әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық сыйлаудан бас тарту;

- қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдаудан бас тарту;

- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

- егер жақын туысқандық қарым-қатынастардағы адамдар (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, жиендері, ағалары, апалары, әжелері, аталары, жұбайының жақын туыстары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, лауазымға тағайындаудан бас тарту;

- сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік таныту;

- сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;

- атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау;

- егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;

- әріптестерінің жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын қолдау және талап ету;

-ықтимал мүдделер қарама-қайшылығы туындаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізу;

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

- заңдылық қағидасын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде дискрециялық нормалардың, екіжақты, мағынасы құбылмалы құрылымдардың болуына, жеке және (немесе) ұжым мүддесі үшін қолданыстағы заңнаманың ақаулары мен қарама-қайшылықтарын пайдалануға жол бермеу;  

- нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қолданыстағы заңнамамен белгіленген тікелей құзыретті басшылыққа алу;

3.4. тіршіліктің басқа салаларының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынас кезінде:

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу, олардың қайталануына жол бермеу, себептерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың фактілерін тұрақты негізде зерделеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесін енгізу тиімділігін арттыру бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

- материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету құралдарын, мемлекеттік мүлікті лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты пайдалану.

  1. Басқа шектеулер мен тыйымдар:

- мемлекеттік қызметшілерге саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдар шешімдерінің өз кәсіби қызметіне әсер ету мүмкіндігіне жол бермей, бейтарап жағдайды ұстануы қажет;

- мемлекеттік қызметшілер сайлау алдындағы үгіт-насихат, сондай-ақ референдум мәселелері бойынша үгіт-насихат жүргізу үшін лауазымдық жағдайының артықшылықтарын пайдаланбауы қажет;

- мемлекеттік қызметшілер саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың мүддесі үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланбауы тиіс;

- мемлекеттік қызметші қызметтік әрекетінде адам, оның құқығы мен еркіндігі жоғары құндылық болып табылуы және әрбір азамат жеке өміріне қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпиясын қорғау, ар-намыс, қадір-қасиетін, өзінің жақсы аты құқығына құқылы екендігі туралы конституциялық ережелерді ескеруі қажет;

- мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы менмендікке, дөрекілікке, адамды сыйламаушылық қарым-қатынасқа байланысты болмай, балағаттау мен қауіп көрсетуге жол бермейтіндей сыпайы болуы қажет;

- мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы қарамағындағы қызметкерлер үшін үлгі болуы керек (адал, әділ, сыпайы болуы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынас барысында мұқияттылық және шыдамдылық таныту);

- қызмет жағдайларына және қызметтік іс-шаралар форматына байланысты лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі азаматтардың мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына ықпал,  етуі тиіс, ресмилік, ұстамдылық, дәстүрлік, ұқыптылық сипатындағы жалпы қабылданған іскерлік стилге сәйкес болуы қажет.