Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    Е-4, E-R-4, E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалықжәне кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің   2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығына сәйкес.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77452,33

104935,42

E-R-4

73288,23

99105,67

E-G-3

            69956,95

94108,75

E-G-4

           62461,56

84114,90

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс жариялайды

 

  1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, E-4 санаты, (№ 01-1-11-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Жолдауын орындауды қамтамасыз етеді және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Екібастұз қаласы әкімінің және ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру. Есеп беру кездесулерінің барысында түсіндірілген мәселелерге қатысты банк деректерін жинау және жүргізу. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп өңірдегі қоғамдық – саяси ахуал туралы ақпарат дайындау. Қала әкімі аппаратының, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің тоқсандық іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар басшыларының өңірге келу бағдарламаларының жобаларын әзірлеу. Екібастұз қаласы әкімінің жұмыс кестесін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырып, оған тиісті өзгерістер енгізу және тарату. Іс-шараларға залдарды дайындауды ұйымдастыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, техникалық ғылымдар және технология саласында, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында, қызмет көрсету саласында, жаратылыс тану ғылымдары саласында), орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға (білім саласында, құқық саласында) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы, E-4 санаты, (№ 01-1-15-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Конкурстық комиссияның және кадрлар мәселелері жөніндегі басқа да комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың шешімдері бойынша Екібастұз қаласы әкімдігі дербес бөлімдерінің басшыларына, Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің, кенттері мен ауылдарының әкімдеріне ұсыныстар енгізу. Кадрлық іс қағаздарды жүргізу, Екібастұз қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу. Әкімдіктің дербес бөлімдері мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету. Кадр жұмысы жөнінде есептер дайындау.  

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, техникалық ғылымдар және технология саласында, жаратылыс тану ғылымдары саласында), орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға (білім саласында, құқық саласында) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бюджеттік кіріс және шығыс бөлігін орындау және талдау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№ 02-01-01-4-1) (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Дербес бөлімдердің міндеттемелері мен төлемдеріне қатысты бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау жөніндегі мерзімді және жылдық есептіліктің талдауы. Дербес бөлімдердің міндеттемелері мен төлемдеріне қатысты қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіпте енгізу. Қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын бөлудің айлық бағасы, талдауы және жинау арқылы бюджеттік қаражаттарды игеру мониторингісін іске асыру. Қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалары бойынша жүргізілетін шығыстарды күн сайын есепке алу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қызметтік міндетті орындау кезінде алынатын мәліметтер мен ақпараттарды, және құпиялықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды құпияда сақтау. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау.    

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (сервис, экономика және басқару саласындағы: қаржы, есеп және аудит, экономика) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), E-R-4 санаты, (№ 02-05-04-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Белгіленген стандарттарға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.  Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жасау.  Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу.Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдарға және түрлі мекемелерге, БАҚ-қа, жиналыстарға ақпарат дайындау. Өз құзыры шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін  кәсіпорындармен, ұйымдармен, әкімдіктің мемлекеттік мекемелерімен бөлімнің басқа секторларының мамандарымен және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлерімен  өзара жұмыс жасау. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.  Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету (мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды): жұмыс берушілермен белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау: мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлімінде іске асыру.Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды есепке алу және бақылау және олардың жұмыспен қамтылуына мониторинг. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушыларымен жұмыспен қамту орталығы атынан әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға бақылауды ұйымдастыру. Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар бойынша  тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық  есепті дайындау және Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына уақытында тапсыру. Жеке тұлғалардың өтініштерін «Еңбек нарығы» ААЖ уақытында енгізу. Бөлім басшысының, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; қызмет көрсету саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (құқық саласында: құқықтану; қызмет көрсету, экономика және басқару саласында: (әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман); қолдану салалары бойынша ісжүргізу және мұрағатжүргізу: (хатшы-референт, ісжүргізуші, мұрағатшы); қаржы (салалар бойынша): қаржылық жұмыс жөніндегі экономист); есеп және аудит (салалар бойынша): бухгалтер, тексеруші-бухгалтер (аудитор), экономист-бухгалтер); экономика (салалар бойынша): экономист, еңбек бойынша экономист) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру мәселелері жөніндегі бас маман E-R-4 санаты, (02-03-01-4-6) , 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 017-«Жерлеу орындарды күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу»; 018-«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілген конкурс жағдайына сәйкес мердігерлік ұйымдармен орындалған жұмыстардың орындалуға бақылау жасау. Ақау актілерін жасау. Атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қою құқығымен көлемін және сапасын қабылдау. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс ұйымдастыру. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша сәйкес лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушымен анықталатын бұзылған көгалдандыру көшеттеріне берілген бағалау құны есебінің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ жаңа ағаш отырғызу құнын анықтау және белгілі бір кезең мерзімінде оған күтім жасау қосымшасы енгізілсін. Бағыттаушы мәселелер бойынша қалалық және жоғары тұрған органдардың шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын орындау туралы анықтамалар, ақпараттар дайындау.  Құзыреттілік бойынша келіп түскен  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау кезде Заңнама нормаларын сақтау бойынша жұмыс жасау. Бөлім   басшысының және басшының орынбасары өзге де тапсымаларын, қарарын орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; ауыл шаруашылық ғылым саласында; құқық саласында; қызмет саласында: бағалау), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (сервис, экономика және басқару саласында: экономика; құқық саласында; ауыл шаруашылығы, ветеринарлық және экология саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маман E-R-4 санаты, (02-04-01-2) , 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Іс қағаздарын жүргізу,  жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың шешімдері мен қаулыларының орындалуы туралы анықтамалар, ақпараттар дайындау; құжаттардың уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, кадр қызметін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығындағы барлық салалардың қызметі үшін барынша қолайлы жағдай тудыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлығына қажетті экономикалық жағдай тудыру үшін нарықты реттеу тетігін дамытуға жәрдемдесу, ауыл шаруашылығының дамуына мемлекеттік қолдау көрсету ұсыныстарының дайындалуын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені саласының экономикалық өсуі жөніндегі мемлекеттік бағдарламадардың іске асырылуына ықпалдасу, ауыл шаруашылығы саласының мамандармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында: агрономия, мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы,  аграрлық техника және технология, өсімдіктерді қорғау және карантин), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология саласында: агрономия, зоотехния) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. «Екібастұз қаласының Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (бала күтіміне байлансыты демалыс кезеңіне), E-G-3 санаты, (№ 02-01-01-4-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Кадр жұмысын жүргізу. Құқықтық оқыту. Әкімнің жанындағы барлық жиындардың хаттамаларын жүргізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарын дайындау және тапсыру. Ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркеу. Қоғамдық қол жеткізу пунті бойынша жұмыстар жүргізу. Шаруашылық кітаптарын жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Екібастұз қаласының Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (№ 03-07-01-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Нормативтік – құқықтық актілерді дайындау. Бақылауда тұрған тапсырмалардың уақытылы орындалуына ақпарат беру. Кадрлар жұмысы бойынша іс-қағаздарды жүргізу. Ауылдық округі әкімі жанында азаматтардың  жиындары мен жиналыстарын өткізуге дайындық. Ауылдық округінің әлеуметтік төлқұжатын дайындау және тапсыру; ауылдық округі әкімінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындау. Бюджеттік бағдарламаларды дайындау және тапсыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламалары Е-4, E-R-4, E-G-3, E-G-4 санаты үшін келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы Е-4, E-R-4, E-G-3, E-G-3 санаты үшін келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және

саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны __________________________________

__________________________________________________________________

 

   __________                              ____________________________________

         (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 3-қосымша

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

_______________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

 

_______________________________________________

лауазымы, санаты (болған жағдайда)

_______________________________________________________

ФОТО

(түрлі түсті,

3х4)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

1.        

Туған күні және жері

 

2.        

Ұлты (қалауы бойынша)

 

3.        

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы

 

4.        

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)

 

5.        

Шетел тілдерін білуі

 

6.        

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)

 

7.        

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)

 

8.        

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)

 

9.        

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік қызметшілер толтырады)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Күні

 

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

қабыл-

данған

боса-тылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

   _______________                                      ______________________________
    Кандидаттың қолы                                                           күні