kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:

1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);

2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады);

3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады). «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар жергілікті тұрғындар Екібастұз қаласының КҚО филиалына береді.

Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

 Өтініштер Екібастұз қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады: Екібастұз қ., Строительная көш. 45, тел. 8 (7187)347661, 754650.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза