Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қызмет алушылардың ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне баруы

«Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары: жалғыз тұратын қарттар, мүгедек - балалар мен психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан тұлғалар алып жүретін тұлғалармен бірге ағымдағы жылғы 25 тамызда 50 адам мөлшерінде қайырымдылық негізде ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне барып қайтты.

         «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ  ықпалдасуымен тегін көлік ұсыну түрінде демеушілік көмекті Екібастұз қаласының «Маис» ЖШС көрсетті.

         «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ықпалдасуымен Алматы қаласының «Алвис» ЖШС тегін билеттерді алуға демеушілік көмек көрсетті.

         Осы сапар мүмкіндігі шектеулі балаларға ЭКСПО - 2017 көрмесі мен Астана қаласы туралы көптеген жаңа эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлады.