Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған балалар мен 18 жастан асқан тұлғалардың Мәскеу циркіне баруы

«Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған балалар мен 18 жастан асқан тұлғалар 20 қызмет алушы мөлшерінде алып жүрушілермен бірге «Бистро Уют» асханасының директоры Гүлнәр Қайырбайқызы Ахмолдинаның қолдауымен қайырымдылық негізде Мәскеу циркіне барып қайтты. Сондай-ақ, ол қайырымдылық негізде әр қызмет алушыға сусындар таратты.

Қызмет алушылар сайқымазақтардың, күш иелерінің, акробаттардың қатысуымен цирк нөмірлерін, үйретілген маймылдардың қатысуымен нөмірлерді тамашалаудан айқын әсер мен жағымды эмоциялар алды.