Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шахтер күні

26 тамызда Қазақстан кинотеатрының алаңында Шахтер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаламыздың кішкентай тұрғындары үшін балалар алаңқайында сабын көпіршігінен тамаша шоу өткізілді. Әуедегі гимнаст, сиқыршы, сайқымазақтар, роботтар мен бойшаң қуыршақтар мерекені түрлендіре түсті. Бас сахнада сағат 12.00-ден бастап қаламыздың шығармашылық ұжымдарының фестивалі, сағат 15.00-ден бастап балалар фестивалі, сағат 17.00-де Шахтерлар толқыны ретро-фестивалі, сағат 19.00-ден бастап қазақстан эстрадасының жұлдыздары Жанар Дұғалова мен  Мистерионс тобының қатысуымен концерт өткізілді. Спорт алаңшасында Қазақ күресінен, спорттың үстел ойындарынан турнир және спортшылардың көрсеткіш қойылымдары өтті. Шахтёр саябағында тілек білдірген тұрғындар  аэростаттарға мініп ұшты. Мереке Восточный кенішімен ұйымдастырылған отшашумен аяқталды.