Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Самуратоваа Анар Аскаровна: Квартира

Сəлеметсіз бе? Мен пәтерге кезекте 631 тұрмын. Қазіргі таңда 3 баламмен анамның үйінде 2 ком акиматтың
Үйінде тұрып жатырмын. Анамда кезекте тұр. 1 бөлмелі пәтерде. Анамның кезегі келді. Егер анам үй алса. Мен 3 баламмен қазіргі тұрып жатқан 2 бөлмелі акиматтың үйінде тұра аламын ба. Мен өзім мұғалім болып жұмыс істеймін. Рахмет!

Құрметті Анар Аскаровна! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, пәтер мәселесінедегі 2017 жылғы 24 тамыздағы Сіздің өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Сіз 2010 жылдан бері «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша 4 адам құрамындағы отбасымен, 584 кезек нөмірімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар тізімінде тұрсыз.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 б. сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй азаматтарға барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген сәттен бастап, белгіленген тізіммен, кезек тәртібінде беріледі.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Осыған байланысты, Сізге Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй заңнамаға сәйкес, кезегіңіз келгенде беріледі.

Уақытша тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған.

Абай көшесі, 39/44 үй, №7 екі бөлмелі пәтер Сіздің анаңыз аз. Ш. К. Самуратоваға мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау мақсатында берілген болатын, ол қазір «бюджеттік мекеме қызметкері» санаты бойынша 1 адам құрамындағы отбасымен, 6 нөмір кезегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұр.

Заңның 75-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме беріледі.

Соған байланысты, Сіздің анаңызға отбасы құрамына қарай, кезегіне сәйкес, көрсетілген нормамен берілетін болады.