Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

2017 жылғы 23 тамызда Екібастұз қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Екібастұз қаласы әкімдігі  атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы құқықтық жаппай оқыту өткізілді.

Бұл құқықтық жаппай оқыту Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар  облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Ардақ Әнуарбекұлы Балғожин департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы;

Кобланбек Нурмуханович Кожин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Павлодар облысында іске асырылуын сыртқы талдау мен  бағалаудың арнайы мониторингтік тобының басшысы;

 Дастан Серікұлы Әлімханов        департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі басқармасының  бас маманы;

Өткізілген құқықтық жаппай оқытудың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтерінде қолданыстағы заңнамаларды  мүлтіксіз орындау және мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін қатаң сақтау ұсынылды.