Пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде 2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының әкімдігінде «Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, соның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу » және «Ветеринарлық –санитарлық сараптама саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қатысу үшін қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, құрылыс, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдерінің басшылары мен мамандары, «Нұр Отан» партиясы ЕҚФ төрағасының бірінші орынбасары, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары шақырылды.