Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылға арналған  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі  кешенді жоспарын орындау шеңберінде 2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар  облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының әкімдігінде «Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, соның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының  құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу » және «Ветеринарлық –санитарлық сараптама саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Қатысу үшін  қала әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, құрылыс, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдерінің басшылары мен мамандары, «Нұр Отан» партиясы ЕҚФ төрағасының бірінші орынбасары, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары шақырылды.