Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 27-ө ӨКІМ

2013 жылғы 13 мамыр

 

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы  

 

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекетік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 06-7/35 бұйрығына және Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі «Екібастұз қаласы  жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штаттары туралы» № 329/4 қаулысына сәйкес:

1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қала әкімінің 2013 жылғы 4 ақпандағы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 6-ө өкімі жойылсын.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк