Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары E-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалықжәне кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288,23

99105,67

  «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды 

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№ 02-02-01-3-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бақыланатын бюджеттік бағдарлама жобаларындағы шығыстардың дұрыстығын қарастыру бойынша, жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерді қабылдау және тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемелердің шығыстарын дұрыс, негізді жоспарлау мәселесі бойынша бақылауды және және тексеруді жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (сервис, экономика және басқару саласында: қаржы, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша), статистика) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№ 02-07-01-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мекеме жұмысының құқықтық қамтылуы. ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және іске асыру. Сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Мекеменің мүддесін қорғау. Мәдениет нысандарына консультациялық көмек көрсету. Құқықтық сұрақтар бойынша анықтама, есеп, ақпараттарды дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін құзырлық бойынша қарастыру. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру. Мәдениет нысандарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді жағдай жасау жұмыстары. ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдануды бақылау. Мәдениет саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша сұрақтар. Бөлім мен мәдениет мекемелеріндегі қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыруға жауапты.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (құқық саласында: заңтану, халықаралық құқық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№ 02-16-01-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Азаматтардың бастапқы куәліктерді және анықтамаларды беру мәселесі жөніндегі сұрау салуларын қарау және орындау. Азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық қорын жүргізу және оның жай-күйін бақылау. Елтаңбалық бланкілердің  азаматтық хал актілерінің барлық түрлерінің сақталуы мен  дұрыс толтырылуы үшін жауапты болу. «АХАЖ» ТП-ге мәліметтер енгізу. Соттарға қатысу. Номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа табыстау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қолданыстағы заңнамаларды насихаттау.    

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (құқық саласында; білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; жаратылыстану ғылымдары саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (құқық саласында; білім саласында; сервис, экономика және басқару саласында) барларға рұқсат етіледі.  

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-06-01-1-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің іс-әрекетіндегі заңдылықтарды сақтау және оның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бөлімде  дайындалатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен  құқықтық  сипаттағы басқа да құжаттардың  жобаларына құқықтық сараптама жүргізуге, сондай-ақ осы құжаттарды дайындауға қатысады. Құқық жұмысына әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етуде, қолданыстағы заңнамаға  және оны қолданудың тәртібіне түсініктеме беруде Бөлім қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетеді. Құқықтық мәселелерді, наразылық-қуыну жұмысын қарастырғанда сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады. Бөліммен және білім беру мекемелерімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды  құқықтық ұсыну бойынша жұмыс жүргізеді. Жаңадан құрылған, қайта ұйымдастырылған, таратылған білім беру мекемелерін мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты іске асырады

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (құқық саласында: юриспруденция, халықаралық құқық;әлеуметтік ғылымдар,  экономика және  бизнес саласында:  мемлекеттік және жергілікті басқару),мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-14-01-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Тексерістерді Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізу. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзу туралы актілерді жасау. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзуды жоюға қатысты орындауға міндетті ұйғарым шығару. Хаттамалар жазу және әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау. Жеке және заңды тұлғалардан тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережесін сақтау мәселесі бойынша келіп түсетін ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды қарау. Бухгалтерлік және статистикалық есеп пен есептілікті іске асыру. Мемлекеттік сатып алулар үрдісін өткізудің дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алулар заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Шарттарды және мемлекеттік сатып алулар үрдісінде алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметті жеткізушілермен жасалатын шартты дайындау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша есептілікті жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (техникалық ғылым және технология саласында; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында: экономика, есеп және аудит, қаржы), ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білім (сервис, экономика және басқару саласында) рұқсат етіледі: қаржы: қаржылық жұмыс жөніндегі экономист; есеп пен аудит (салалар бойынша), экономика: экономист) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмаған күнде немесе осы санаттағы нақты қызметтің функционалдық бағытына сәйкес салалардағы еңбек өтілі екі жылдан кем болмаған жағдайда.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламалары E-R-4 санаты үшін келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4 санаты үшін келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және

саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны __________________________________

__________________________________________________________________

 

   __________                              ____________________________________

         (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 3-қосымша

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

_______________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

 

_______________________________________________

лауазымы, санаты (болған жағдайда)

_______________________________________________________

ФОТО

(түрлі түсті,

3х4)

 

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

  1.  

Туған күні және жері

 

  1.  

Ұлты (қалауы бойынша)

 

  1.  

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы

 

  1.  

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)

 

  1.  

Шетел тілдерін білуі

 

  1.  

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)

 

  1.  

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)

 

  1.  

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)

 

  1.  

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік қызметшілер толтырады)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Күні

 

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

қабыл-

данған

боса-тылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

   _______________                                      ______________________________
    Кандидаттың қолы                                                           күні