Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті

атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің  басшысы Е-3,  санаты (№01-1-11), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 102436,96 теңгеден  138248,26 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылық жасау және үйлестіру; бөлімнің, қала әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау. Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлықтары мен басқа да заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша ұйымдастырушылық жұмысты қамтамасыз ету. Референдумдар мен сайлаулардың өтуіне бақылау жасау және ұйымдастыру. Әкімдіктің отырыстарына, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерімен болатын жиналыстарға материалдар дайындау. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар, әлеуметтік паспорттар  дайындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында, қызмет көрсету саласында, жаратылыстану ғылымдары саласында).

2. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Е-3,  санаты (№01-1-15), 1 бірлік (уақытша, жүктілігі мен босануына байланысты демалыс кезеңіне).

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 102436,96 теңгеден  138248,26 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Персоналды басқару қызметінің іс-әрекетіне басшылықты жүзеге асыру. Өңірлік деңгейде мемлекеттік кадр саясатын қамтамасыз ету. Екібастұз қаласының атқарушы органдарына қызмет құзырына жататын мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, тағылымдаманы ұйымдастыру және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жүргізуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Конкурстық, аттестациялық және тәртіптік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Мемлекеттік қызметшілердің деректер қорын жүргізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен наградтау үшін құжаттар дайындау. Өз құзыреті шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында, жаратылыстану ғылымдары саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, E-R-2  санаты (№02-14-01-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 127421,58 теңгеден 172393,91  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын жүктелген өкілеттіліктер және лауазымдық міндеттерге сәйкес ұйымдастырады. Мемлекеттік орган тұрғын үй қоры мен үй жанындағы аумақтың санитарлық нормалар мен ережелері, техникалық және санитарлық жағдайды заңнамаға сәйкес сақтауды жүзеге асыратын тексерістерге қатысады. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалану және күтіп ұстау, тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау мәселелері бойынша қалалық бағдарламаларды іске асыруға, жиналыстар мен штабтарға қатысу. Кондоминиум объектілерін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін сақтау қызметін бақылайды. Тексерістердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілуін бақылау. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалу, шешімдер мен тапсырмалардың уақытылы және толық орындалу жауапкершілігін көтереді. 

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (техникалық ғылымдар және технология саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, E-R-2  санаты (№02-11-01-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 127421,58 теңгеден 172393,91  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын іске асыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және жүргізу; жер телімдеріне құқық белгілеуші құжаттарын ресімдеу мәселелерінде жеке және заңды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;  бөлімнің  қызметін үйлестіру және басшылық жасау; аймақта жер қатынастарына жетекшілік ету; жер телімдеріне құқықты рәсімдемеген жеке және заңды тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және олармен жер телімдерін рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізу; сатып алу-сату шарттарын және жер телімдерін жалға алу шарттары мен уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарын ұйымдастыру мен қорытындылау және жасалған шарттардың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыру; қаулы жобаларының дайындығына бақылау жасау; жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін орындау; бөлімді  қала ұйымдарында және мекемелерде ұсыну; азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу; өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін,  шағымдар мен арыздарын қарастыру; жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық  мәселелері бойынша  кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; ауыл шаруашылық ғылымдар  саласында; құқық саласында; білім саласында; техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: геодезия, құрылыс, картография, маркшейдерлік іс; қызмет көрсету саласында: жерге орналастыру, кадастр).

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары,   E-R-2  санаты (№02-06-01-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 127421,58 теңгеден 172393,91  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Білім беру саласында мемлекеттік, облыстық, қалалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ықпал етеді.Білім мекемелерінде оқу жоспарын орындау бойынша бақылау жасайды және білім жетістіктерін сырттай бағалауға (БЖСБ), ҰБТ-ға дайындау, емтихандарды өткізу жұмыстарын үйлестіреді. Білім мекемелері басшыларының мектепішілік бақылауды жүзеге асырудағы қызметіне бақылау жасайды. Бөлімнің  жалпы орта білім беру қызметіне және оқу-тәрбие үрдісіне басшылық жасау бойынша жалпы басшылық жасайды. Мектептердің жоспарлы аттестацияға дайындығына, аттестация қорытындысы бойынша тексеруге жауапты болады. Жоғары тұрған органдарға  құжаттар дайындау кезінде бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелері басшыларымен алқа отырыстарын  және жиналыстарды ұйымдастырады. Өз өкілеттігіне  сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Тамыз конференциясын дайындайды және  өткізеді. Бөлім жұмысын талдау, жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Азаматтарды қабылдайды. Бөлімнің Ережесімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген басқа да функцияларды атқарады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

            3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

            6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

             7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық сектор меңгерушісі, E-R-3 санаты (№02-14-01-4), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 96607,22 теңгеден 129920,05 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік-құқықтық сектор қызметін үйлестіру, басқару және бақылау. Жұмысты жүктелген өкілеттіктер мен қызметтік міндеттерге сәйкес ұйымдастыру. Екібастұз қаласындағы тұрғын үй қорын басқару саласын бақылау. Тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  күтіп ұстау ережесінің бұзылуын жою туралы актілерді жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережесінің бұзылуын жою бойынша ұйғарымды орындау  міндетіне қатысты ұйғарым шығару. Хаттамалар жазу және әкімшілік құқықбұзушылық істерді қарау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (техникалық ғылымдар және технология саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________

__________________________________________________________________

 

   __________                               ____________________________________

         (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.