Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мухаметжанова Майда Ташимовна: Өтініш

Менің сізге өтініш беру себебім,жалғыз басты анамын , мамандығым педучилище,уйімнің комуслугасын төлей алмай жүрмін , ешқайда жұмысқа алмады,маған еден жуушы немесе күзетші жұмысына көмектесуінізді сұраймын.

Сіздің жұмысқа орналастыруға ықпалдасу мәселесі жөнінде Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған өтінішіңізге, хабарлаймын.

2017 жылғы 9 тамызда Сізге аула сыпырушы ретінде «Екібастұз перзентхана үйі» ШЖҚ КМК-ға жолдама берілді.

Сондай-ақ тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі түсіндірілді.

Сіздің тұрғын үйіңізге меншік құқығын ресімдеп, тіркелгеннен кейін Сізге тұрғын үй көмегін көрсетуге құқығыңызды белгілеу үшін Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 87 «А» мекенжайында орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге кеңес беремін.