Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2017 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде Екібастұз қаласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оның барлық көріністерінде жүйелі дәйекті күрестің мақсаты, міндеті мен басымдықтары анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде, қала әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы қаулысымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарда қойылған міндеттерді  орындауда  әр мемлекеттік органда ведомстволық жоспар  әзірленді, онда олардың қызмет бағыттарына  сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша  нақты іс-шаралар көзделген.

Жоспарда қарастырылған іс-шараларды іске асыруға құқық қорғау органдары, атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар, қаланың қоғамдық ұйымдары қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл шараларының бірі ол-мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға бағытталған  қолданыстағы заңнаманы белсенді түрде насихаттайды.

Екібастұз қаласының әкімі жыл сайын мемлекеттік қызметшілер үшін құқықтық жаппай оқытулар өткізудің жоспарын бекітеді.

Бекітілген жоспарлар шеңберінде құқықтық жаппай оқытулар өткізу қаланың атқарушы органдарында қамтамасыз етілген. Есептік кезеңде 14 құқықтық жаппай оқыту өткізілді, онда  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері  түсіндірілді. Қалалық газеттерде есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта  17-ден  аса материал жарияланды.Қоғамда сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтарына төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 6 билборд орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын анықталған құқық бұзушылықтар бойынша  оларға алдағы уақытта жол бермеу бойынша шаралар қабылдаумен  оларды жасауға негіз болатын себептер мен шарттарына талдау жасалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде және ерекше бақылауда тұр.

 

                                                                         Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі