Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мобильді топтың» мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша шығуы

Мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібін түсіндіру  жөніндегі «Мобильді топ» 2017 жылғы 10 тамызда  Теміржол ауылдық округі Құлакөл ауылының  тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер ауыл тұрғындарымен және мектеп ұжымдарымен өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселесін түсіндіру буклеттер таратумен сүйемелденді. Іс-шара қорытындысы бойынша  қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берілді және азаматтарды қабылдау өткізілді.

«Мобильді топтың» келесі ауылдарға  баруы кестеге сәйкес 2017 жылғы 15 тамызда Бесқауға ауылында өтеді.

Ауылдарға бару кестесін Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен ХҚКО-ның ғимараттарынан көруге болады.        

         «Мобильді топтың» ауылдарға шығулары туралы анықтама үшін телефондар: «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ -342030, ХҚКО – 776693.