Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің өткізілген аттестациясы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы № 404 Жарлығына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау өткізілді .

Мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудың бірнеше кезеңінен өтті: жеке құзыреттерді бағалайтын тест өткізу, бағалау парағын дайындау және әңгімелесуден өту.

         2017 жылдың 5 мамырына Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны -242, нақты-230 бірлікті құрайды.

         Жыл басында 169 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатып, аттестаттаудан 165 мемлекеттік қызметші өтті.

         57 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатпайды (оның ішінде 5-і  зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, 40-ы үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы  тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер, 12-і мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар).

         Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалауға өткізілген тестілеудің нәтижесі.

         Екінші деңгей бойынша тестілеуден  өткендердің саны-26 мемлекеттік қызметші.

         Е-1 санатындағы-2 мемлекеттік қызметші

         Нәтижесі: тиімді (В)-2.

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-2.

        

           ЕR-1- санатындағы 24 мемлекеттік қызметші.

         Нәтижесі: өте жақсы (А) -3, тиімді  (В)-21.

         Жауаптардың дұрсытығы 50% -20, 50% төмен-6.

 

         Үшінші деңгей бойынша  тестілеуден өткен мемлекеттік қызметшілердің саны – 142.

         Е3- санатындағы -5 мемлекеттік қызметші.

         Нәтижесі: өте жақсы (А) – 1, тиімді (В) – 4.

          Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-4, 50%төмен - 1.

         Е4 санатындағы -18.

         Нәтижесі: өте жақсы (А) -2, тиімді (В) – 15, қанағаттанарлық (С) – 1.

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-16, 50%төмен - 2.

  

           ЕR-2 санатындағы -6.

Нәтижесі: өте жақсы (А) -2, тиімді (В) – 4 .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-6

          ЕR-3 санатындағы – 13.

Нәтижесі: өте жақсы (А) -4, тиімді (В) – 9 .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-11, 50%төмен - 2.

         ЕG-1 санатындағы – 1.

Нәтижесі: тиімді (В) – 1 .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-1.

         ЕG-2 санатындағы-1.

Нәтижесі: тиімді (В) – 1 .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-1.                       

         ЕR-4 санатындағы – 68.

Нәтижесі: өте жақсы (А) -11, тиімді (В) – 56, қанағаттанарлық (С) – 1  .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-50, 50%төмен – 18;

         ЕG-3 санатындағы – 26.

Нәтижесі: өте жақсы (А) -4, тиімді (В) – 20, қанағаттанарлық (С) – 2  .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-21, 50%төмен – 5;

         ЕG-4 санатындағы – 3.

Нәтижесі: өте жақсы (А) -1, тиімді (В) – 1, қанағаттанарлық (С) – 1  .

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-3.

         Тестілеуден өткен 168 мемлекеттік қызметшінің ішінен 28 мемлекеттік қызметшінің нәтижесі  өте жақсы (А) (17 тиімді (В) -135, қанағаттанарлық (С) -5).

         Жауаптардың дұрсытығы 50% жоғары-131, 50%төмен – 3.

Оның нәтижесі бойынша аттестациялық комиссия шешім қабылдады.

         Комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  аттестациялық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестің, академиялық орта мен қоғамдық бірлестіктердің  өкілдері қатысты.

         Екінші деңгей бойынша 28 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатты, 26-ы өтті. 2 мемлекеттік қызметші уақытша жұмысқа жарамсыздықтарына байланысты өтпей қалды.

         26 мемлекеттік қызметшіден: 2-уі атқарып отырған лауазымына сәйкес және лауазымын жоғарлатуға ұсынылды, 24-і атқарып отырған лауазымына сәйкес.

         Үшінші деңгей бойынша 141 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатты, 139-ы өтті. 2 мемлекеттік қызметші уақытша жұмысқа жарамсыздықтарына байланысты өтпей қалды.

139 мемлекеттік қызметшінің ішінен: 6-ы атқарып отырған лауазымына сәйкес және лауазымын жоғарлатуға ұсынылды, 132-і атқарып отырған лауазымына сәйкес, 1-і атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылды.