Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 1-16-02 шешімі

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы

27 маусымдағы № 1-16-02 шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 14 шілдедегі № 5569 болып тіркелген

  

 

Шектеу іс-шараларын алып тастау

және Екібастұз қаласы Екібастұз

ауылдық округі әкімінің

2017 жылғы 30 наурыздағы

«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»

№ 1-16-01 шешімінің күші жойылды

деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес және Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2017 жылғы 1 маусымдағы  № 2-04/115 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Тай ауылының аумағында ірі қара мал пастереллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық   іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

2. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы «Шектеу шараларын белгілеу туралы» № 1-16-01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5451 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірдегі «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласы

Екібастұз ауылдық округінің

әкімі

 

 

                                          М. Куспеков

КЕЛІСІЛДІ:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысының

міндетін атқарушы

________________Г.Ш. Кенжегарина

2017 жылғы «27» маусым

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлігі Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық

аумақтық инспекциясы» мемлекеттік

мекемесінің басшысының

міндетін атқарушы

________________ С.С. Муратбеков

2017 жылғы «27» маусым

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  

министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау

комитеті Павлодар облысы қоғамдық

денсаулықты қорғау департаментінің

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулықты қорғау басқармасы»

республикалық мемлекеттік

мекемесінің басшысы

________________К.К.Токатов

2017 жылғы «27» маусым