Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Баспасөз релизі

Екібастұз қаласы әкімі резиденциясының   кіші  залында 2017 жылғы 4 тамызда мемлекеттік сатып алулар туралы,  мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы  заңнамаларды түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақтау туралы құқықтық жаппай оқыту шеңберінде семинар өткізілді.

Семинар Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы А.Қ. Қантаевтың төрағалығымен өткізілді. Бұл семинарға  Екібастұз қаласы атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері қатысты.

Құқықтық жаппай оқытулар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді. Құқықтық жаппай оқытулар қорытындысы  бойынша төраға  барлық мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтерінде қолданыстағы заңнаманы  бұлжытпай орындау қажеттігін айтып өтті.