Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Абай Серикович Хакимов «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 306 өкімімен  Абай Серикович Хакимов «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1983 жылы 10 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген.      

         Білімі-жоғары, 2005 жылы С. Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін инженер мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  – 7 жыл.

Май ауданы әкімі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы, Май ауданы Ақшиман ауылдық округінің әкімі, «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жалпы бөлімінің меңгерушісі, «Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып еңбек еткен.

         «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін Май ауданы Баскөл ауылдық округінің әкімі болып  жұмыс істеді.