kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Нургуль Кайдаровна Ныгманова «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 304 өкімімен Нургуль Кайдаровна Ныгманова «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1964 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Ермак ауданының   Приозерное ауылында дүниеге келген.        

Екі жоғары білімі бар, 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 2003 жылы Еуразиялық  гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.       

 Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  – 20 жылдан асады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үйге есеп жүргізу және бөлу секторының меңгерушісі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып еңбек еткен.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.   

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза