Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Арслан Сержанович Калиякбаров «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 303 өкімімен Арслан Сержанович Калиякбаров «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1987 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысының   Семей қаласында туған. 

Білімі-жоғары, 2008 жылы С. Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  – 7 жыл.

«Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі болып еңбек еткен.

ТҮКШ бөлімінің басшысы болып тағайындалғанға дейін ТҮКШ бөлімінің басшысы орынбасарының лауазымын атқарды.