kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Мобильді топ» Солнечный кентінде болып қайтты

2017 жылдың 3 тамызында «Мобильді топ» мемлекеттік қызметтің баламалы түрлерін алу тәртібін түсіндіру,  «электрондық үкімет»  порталын көпшілікке тарату және тұрғындарға электрондық – сандық қолтаңба беру мақсатында Солнечный кентінде болып қайтты. Аталған топ құрамында ХҚКО өкілдері және «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»,  «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің мамандары болды.         

         Солнечный кентінің тұрғындарымен түсіндіру сипатында әңгіме өткізіліп, ең қажетті мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру іске асты. Аталған кездесу барысында сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй көмегін тағайындау, сондай-ақ жер қатынастары саласы мен азаматтық хал актілерін тіркеуге қатысты болды.        

«Мобильді топтың» өңірдің ауылдық елді мекендеріне баруы бекітілген кестеге сәйкес жалғасатын болады. Ауылдарға бару кестесін Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен ХҚКО-ның ғимараттарынан көруге болады.        

         «Мобильді топтың» ауылдарға шығулары туралы анықтама үшін телефондар: «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ -342030, ХҚКО – 776693.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза