Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 23-ө ӨКІМ

2013 жылғы 15  сәуір

 

 

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын іске асыру туралы  

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарына сәйкес:

1. Дербес жауапкершілік:

1) Екібастұз қаласы әкімінің www.ekibastuz.gov.kz ресми сайтына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөліміне табыстау, жауаптарын Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына уақытында орналастыру және мониторинг жүргізу үшін жауаптылық бас инспектор – Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз – хатшысына;

2)  Екібастұз қаласы әкімінің www.ekibastuz.gov.kz ресми сайтына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және оларды құзыретіне қарай қарауға жіберу үшін жауаптылық құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің басшысына;

3) өтініштерге уақытында жауап дайындау, жауаптың қағаз нұсқасын құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөліміне жіберу және жауаптың электрондық нұсқасын Екібастұз қаласы әкімінің www.ekibastuz.gov.kz ресми сайтына орналастыру үшін жауаптылық бас инспектор – Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз – хатшысына жіберу Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына, Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісіне, Екібастұз қаласы әкімдігі дербес бөлімдерінің басшыларына, Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің, кенттер мен ауылдарының әкімдеріне жүктелсін.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Адасбаеваға  жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк