Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР!

Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2017 жылдың 15-ші тамыз күні 2 тоқсан және 2017жылғы 2 жартыжылдық салық есептііліктерін табыс ету мерзімі аяқталуын ескере отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің төлеу мерзімі 2017 жылдың тамыз айының 25-нен кешіктірілмей жүргізілетінін хабарлайды.

Сонымен қатар, салық төлемдерін,әлеуметтік аударымдар сомаларын, міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы толық төлеулеріңізді, және де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы уақтылы және толық төлеулеріңізді сұрайды.

            Сондай-ақ, салық міндеттемелері уақтылы орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 91,92, 92-1, 279 және 288 баптарына сәйкес құқықтық бұзушылық іс-шараларын қолданатынын ескертеді.

            Барлық салық және басқа да міндетті төлемдерін төлеу негізінде сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі мекенжайына хабарласуыңызға болады:Екібастұз қаласы, Мәшхүр Жүсіп көшесі 94 үй (202 каб.), байланыс телефондары: 77-16-97, 77-16-66, 77-16-60.

 

Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы