Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 22-ө ӨКІМ

2013 жылғы 15  сәуір

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы «Қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы» № 87-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі «Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штаттары туралы» № 329/4 қаулысына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

  1. Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы  «Қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы» № 87-ө өкіміне (бұдан әрі – Штаб) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Штаб құрамына:

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Мариям Даулетбековна Адасбаева Штаб төрағасы болып;

Екібастұз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ботагоз Джамбуловна Смакова Штаб хатшысы болып енгізілсін;

2) Штаб құрамынан Ерлан Максутович Кабдылов шығарылсын;

3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы», «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы», «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы» сөздері «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы», «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы», «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Адасбаеваға  жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк