Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, E-R-1 санаты (№02-04 -01), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 142412,36 теңгеден 192381,61 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру;  ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық саясатын әзірлеу, агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің орындалуына мониторинг және сараптама жүргізуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай тудыру шараларын дайындау, ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ету бойынша мониторинг  жүргізу және болжау жүйесін ұйымдастыру,  оларды іске асыру шараларын дайындау, бөлімнің қызметін басқару және үйлестіру, ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілеу; бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрық шығару және тапсырма беру; ауыл шаруашылығы бөлімін барлық мемелекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсыну; осы функционалдық міндеттерге сәйкес жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, өз құзыры шегіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, ауыл шаруашылығы саласының барлық мәселелері бойынша кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында, техникалық ғылым және технологиялар саласында, құқық саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________  

Мекенжайы және байланыс телефоны _____________________________________________________________________

 

   __________                               ____________________________________

         (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.