Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның конкурсты өтпеді деп тану туралы шешімі

2017 жылдың 19 шілдесінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді.

Қатысушылардың болмауына байланысты «Б» корпусының «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, E-R-1 санаты (№02-04-01) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өтпеді деп жарияланды.