Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Фаст-фуд несімен зиянды?»

Фаст-фудтың зиянды екенін кез-келген адам білсе де, оны қоғамдық тамақтану орындарында тұтынуды қояр емес. Фаст-фудты жеген кішкентай балалар одан да қорқынышты, себебі жас, жаңа дамып келе жатқан ағзада қажет емес калориялар мен зиянды тамақтан стресс туындау мүмкін. Фаст-фудтың негізгі құрамы майлар, көмірсулар және әртүрлі қоспалар,көп мөлшердегі тұз болғандықтан, оны көптеп пайдаланғаннан асқорыту жүйесінде жағымсыз процесстер орын алады. Балаларда гастрит, ішектің және ұйқы безінің қабынуытуындау қатері бар. Бұл тағамда жасунықтың мөлшері өте аз, осыған байланысты балалардың ішегінде көп уақыт бойы сақталып, ондағы шіру не ашу процесстері туындауы мүмкін.  Фаст-фудты тұтынғанда ұйқы безі мен бауыр қарқынды жұмыс істейді, бұл олардың функциясына кері әсерін тигізеді.

Баланы фаст-фудты қолданудан арылудың жолдары қандай?

- Барлық жанұя мүшелерінде тамақтану рационы біркелкі болуы абзал. Балаларға чипсы және тәтті газдалған суды қолдану зиянды, сондықтан олардың көзінше осы өнімдерді қолданбаңыз;

- Жартылай фабрикаттар не фаст-фудты сатып алмаңыз, үй жағдайында тамақ дайындауға тырысыңыз;

- Тәтті газировканы балғын шырынға, тазартылған суға немесе жемістен жасалған компотқа алмастырыңыз;

- Десертке кез-келген желе немесе сүт тағамдарын ұсыныныңыз;

- Тамақ дайындауда балаларыңызды осы процесске жұмылдырыңыз;

- Балаға фаст-фудты емес, пайдалы тағамдарды қолдану керектігін анықтап түсіндіріңіз;

- Кейде ережеден ауытқып, балаға өзінің таңдау еркіндігін беруге болады: не пайдалы тағамды, не фаст-фудты қолдану.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманының м.а.                                                                                           Абдрахман  Б.У.