Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Су бұрқақта суға шомылуға болмайды

Ыстық  күндері әркімнің де суға шомылғысы келеді, әсіресе бүлдіршін балалар. Қаламызда орнатылған су бұрқақта балалар суға шомылуды, тіпті секіріп суға түсуді әдет қылған, бұл әрине бала өміріне өте қауіпті іс, біріншіден су бұрқақтың тереңдігі 70-80 см балалар секірген кезде су түбіндегі бөгде заттарға басымен соғылып естен тануы мүмкін, мұның арты бала өлімімне әкеп соғады, екіншіден вирустық жұқпа жұқтыруы ықтимал ол ауруға шалдыққан бала ұзақ емделуді қажет етеді.

Сондықтан құрметті ата-аналар балаларды күндіз қараусыз қалдырмаңыздар, күнделікті тыйым салынған жерде суға шомылуға қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Арнайы қызметтердің шұғыл телефондары есіңізде болсын:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге кез келген ад ам қоңырау шалып, басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

 

 

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

төтенше  жағдайларды ескерту

тобының бас маманы

                                                                                     М.К. Хамитова