Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шомылуға арнайы жабдықталмаған суқоймада суға түспеңіздер...

2017 жылдың 18 маусымында қаладан 6 км арақашықтағы Лесхоз посекесінің маңындағы суға шомылуға арнайы жабдықталмаған жасанды суқоймада бір ер адам  қаза болды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларддың алдын алу және суға шомылу кезеңінде халықты суда болуы мүмкін қауіпті жағдайлардан аман-сақтау мақсатында, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген «Екібастұз қаласының су қоймаларында 2017 жылғы шомылу маусымында шомылуға тыйым салынған жерлерде демалыс күндері рейдтік іс-шараларды жүргізу» Кестесіне сай, Екібастұз қаласының ТЖ басқармасының, 14 -МӨБ, 32-ӨБ, 19-ӨБ (Шидерті кентіндегі) қызметшілерімен және Екібастұз қаласының жергілікті атқару органдарының, Солнечный, Шидерты кентерінің, Екібастұз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметтерінің, Екібастұз қаласы білім бөлімінің өкілдерімен, құтқарушы бөлімшелерінің құтқарушыларымен саяжайды жалға алған кәсіпкермен, рейдтер жүргізілуде.

Аталмыш рейдтерде «Су қаупіннің алдын алу» жөнінде жаднамалар табысталып төтенше жағдайлардың алдын алу туралы түсініктеме беріледі.

Халық «Сковородка» деп атап кеткен бұл қойма суға шомылуға рұқсат етілмеген. Ол қаламыздағы жаңа көпірдің маңында орналасқан. Маңайы толған қоқыс, қойманың асты толған темір-терсек, құрылыс материалдары. Тереңдігі 10 метрден асады. Су қойманың қауіптілігі жарты метрден кейін тік жарлауыт кездесуі мүмкін, осыған қарамастан демалушылар саны азаяр емес, кауаптарын қуырып, суларына түсіп өздерінше «Табиғатта» демалуда. «Сковородка» су қоймасына тіпті автокөліктерімен келеді, соның куәсі болдық.

Қалаға жақын жерде орналасқан Қ. Сәтпаев атындағы каналы бұл жерде суқоймасында қауіп белгісін білдіретін арнайы тақтайшаға қарамастан жасөспірімнен бастап егде адамдарға дейін көпірден суға секіріп түсіп, автокөліктерін жуады.  

Рейд өкілдері қауым жұртқа суға шомылу кезінде болуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында  келесі ережелерді естеріне салды:

мас күйде суға түспеу;

рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға шомылмау;

межелеген жерден асып жүзбеуге;

жасөспірім балаларды судың жағасында жалғыз қалдырмау;

 көпірден, дамбтан, қайықтан, фонтаннан секірмеу;

ағыны тез жерлерде малтымау;

суға шомылу кезінде өзіңізбен бірге құтқару құралдарын алу керегін айтты.

Егерде Сіз судағы қауіпсіздік ережесін сақтамасаңыз онда өте қайғылы оқиғаға тап боласыз.Суда сақ болыңыздар!

Арнайы қызметтердің шұғыл телефондары есіңізде болсын:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге кез келген адам қоңырау шалып, басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

 

 

 

                                                                         М. Хамитова

Екібастұз қаласының

Т Ж басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

бас маманы