Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Женис Каирлыевич Шакатов Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып қабылданды

1972 жылы 9 мамырда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген.    

2 жоғары білімі бар, 1994 жылы өнеркәсіптік жылу энергетикасы мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік техникалық  университетін, 1996 жылы бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша Мемкомстат және ҚР Еңбек министрлігінің есеп жүргізу кадрларын даярлау Республикалық салааралық институт бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 21 жыл.

         Павлодар қаласы бойынша салық инспекциясының бас салық инспекторы, Успен ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақсу қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.       

Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып қабылданғанға дейін Павлодар қаласы әкімі орынбасарының лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 269 өкімімен Женис Каирлыевич Шакатов Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып қабылданды.