Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Анвар Кудайбергенович Кантаев Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды

1981 жылы 3 қаңтарда Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.  

         Білімі – жоғары, 2004 жылы заңтану мамандығы бойынша "Қайнар" университетін бітірген. 

         Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 10 жыл.  

         Павлодар қаласы бойынша салық комитеті заң бөлімінің бас маманы, Павлодар облысы бойынша салық комитеті ұйымдастырушылық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің кеңесшісі, «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары  болып жұмыс істеді. 

         Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданғанға дейін "Горкомхоз" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 200 өкімімен Анвар Кудайбергенович Кантаев Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.