Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сабденбеков Нурбол Суйнбекович: Әділ шешімі болады деп ойлаймын!

КСК ,,АРАЙ-7Эк,, басқармасы 24-25.06.2017 суды өшіріп қосқаны үшін 1000-теңге орнына 2000-мың теңге талап етті, төледім, әйтпесе сөндіріп қоспаймыз деген соң, себебі үйде жалпы стояктың крандарын ауыстыру керек болды, енді сол кскада жұмыс істейтін жұмыскерлері суды өшіріп және қосқаны үшін 1000-теңге ғана төлейтінін айтты! Бұл қалай болғаны, қарапайым адамдарды алдауы! Сізден осы сұрағыма жауап күтемін! Әділ және дұрыс шешімі болады деген ойдамын! Рахмет!

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Строительная көшесі 113 тұрғын үйдің жертөлесіндегі сумен жабдықтауды ағыту және қосуға қатысты «Арай-ЭК» ҮИК ақылы қызметі мәселесінде келіп түскен Сіздің өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Құрылтайшы жауапкершілікті бөлу ережесін шарт пен Жарғыда белгілейді. Жаңсақтықты болдырмас үшін, биылғы жылға жоспарланған және жиі түсетін жарна есебінен орындалатын, жұмыстың барлық түрлерін нақты көрсетіп пайдаланылатын шығындарға арналған сметаға қосымшада көрсету қажет. ПИК пайдалану жауапкершілігі шегіндегі жоспарланбаған жұмыстар, пәтер меншік иелерімен қосымша жинақ есебінен қаржыландырылады.

Сізге қосымша ақылы қызметтер бойынша нақтылайтын құжаттар беру үшін «Арай-ЭК» ҮИК-ге жазбаша жүгінуді ұсынамын.

Қосымша хабарлаймын, тұрғын үй құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8 б. 1 т. сәйкес, сот шешеді.