Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кальянның зияны туралы

Түнгі клубтарда және кейбір қоғамдық тамақтану орындарында қазіргі жастарымыз кальянды тартуды сәнге айналдырғандығын жиі көреміз.

Бірақ бір қарағанда зиянсыз кальянды тартқаннан соң, болашақта қандай зардабы бар екендігін осы жастар және олардың ата-аналары біледі ме екен?

Кальян адам ағзасына орасан зор зиян келтіреді. Аппарат арқылы түтінмен бірге адам ағзасына токсиндер , шайыр, улар, канцерогендер, бактериялар енеді. Кальянда ішек және көкшіл іріңді таяқшаның, алтын түсті стафилококкты, ашытқыш саңырауқұлақтар, Коха бактериялары (туберкулез таяқшалары), гепатит вирустары болатындығы белгіленді. Кальян түтінінің уландырғыштығы темекі түтінінен бірнеше есе жоғары, мұнда шайыр 36 есе, көміртегі монооксиді (кальян тартқаннан соң осы химиялық қосындының бөлініп шығуы масаюдың жеңіл сезімін білдіреді) 30 есе, тұншықтырғыш газ 8,4 есе, никотин – 7,5 есе көп.

Кальяндағы көмірлер 600-650 градуста жарылатындықтан, түтінмен бірге өкпеге тек никотин ғана емес, сонымен қатар өкпе ісігін және мұра ретінде таралу мүмкін ДНК-ның тұрақты өзгерісін туындататын канцероген - бензопирен де кіреді. Сіздер дұрыс шешім қабылдайсыздар деген сенімдемін!

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                                         Жакенова Р.К.