Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 18-ө ӨКІМ

2013 жылғы 3  сәуір

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі «Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурстық ұсыныстарды қарастыру жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы туралы» № 22-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген, автомобиль көлігімен жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдау қағидасының 138-141-тармақтарына, әрі кадрлық өзгерістерге сәйкес:

  1. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі «Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурстық ұсыныстарды қарастыру жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы туралы» (Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 42-ө, 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 5-ө, 2012 жылғы 12 наурыздағы № 9-ө, 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 15, 2012 жылғы 25 мамырдағы № 19, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-ө өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – комиссия) № 22 өкімге  келесі өзгерістер енгізілсін:

1) конкурстық ұсыныстарды қарастыру жөніндегі комиссияның құрамына «Павлодар қаласындағы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көлік қадағалау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің көлік-коммуникациялық кешенін қадағалау бөлімінің бас маманы Жасулан Геннадиевич Маралбаев енгізілсін (келісім бойынша);

2) комиссия құрамынан Анар Тельманұлы Айтқазин шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк