Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оба

Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.

Инфекцияның негізгі резервуары мен қайнар көздері. Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері: сарышұнақ суыр ауру адам. Оьа ошақтарындағы инфекцияның негізгі рещервуары – синантропты егеуқұйрықтар. Иттер бүргілерге жұқтыру мүмкін. Оба инфекциясының сақталуы басты түрде ауру жануарлардың сау жануарларға жұғуынан болады. Кеміргіштердің үстінде жүретін бүргідердің рөлі бөлек. Көптеген кеміргіштерде обаның жіті түрі байқалып, жануарлардың жылдам өлімі эпизоотияның тоқтауына алып келед. Өкпе обасының дамуы кезінде, құрамында іріңі бар обалық бубуонмен тікелей қатынаста болғанда науқас адам мына жағдайларда инфекцияның қайнар көзі бола алады. Обадан өлген адамдардың денелері қоршаған айналаның тікелей жұқпалану себебі болып табылады. Обаның өкпелік түрімен ауыратын науқастар аса қауіп төндіреді.

Таралу механизмі жиі трансмиссивті, обаның өкпелік түрі кезінде ауа-тамшы жолы арқылы да болады. Қоздырғышты таратушылар – бүргілер және синантропты кеміргіштерге, түйелерге, мысықтар мен иттерге қоздырғышты тарататын кейбір кене түрлері. Адам бүргінің тістеуінен ғана емес, оның нәжісін, кекірігін денеге сіндіруден де жұқпаланады. егер обамен жұқпаланған жануарларды (қояндарды, түлкілерді, түйелерді және т.б.) өлтіріп, олардың терілерін өндеген кезде қатынастық жұқпалану және алиментарлы жұқпалану (ауру жануардың етін қолданғанда) болу мүмкін.

Клиникасы – инкубайиялық кезеі 3-6 тәулік. Ауру жіті, қарқынды басталумен сипатталады – дене температурасы бірден жоғары көтеріліп, адам қалтырап, уланғандай болады. Науқас адам бұлшық ет пен буындардың әлсіздігіне, бас ауруына шағымданады. Құсады, қатты шөлдейді. Науқастар мазасызданады, жүгіргісі келеді, елестеушіліктер байқалады, сандырақтайды. Сөздері түсініксіз, жүрісі орнықсыз. Аурудың локальді түрлері ()терілік, бубуондық, терілік-бубондық), жайылғын түрлері (алғашқы-септикалық және екеінші-септикалық), сыртқы – таралған түрлері (алғашқы- өкпелік, екінші-өкпелік және ішектік) болады. Алдын алу іс-шараларының көлемі, сипатын және бағытын әлемнің барлық мемлекеттерінде аурудың қозғалысын байқау есебімен нақты табиғи ошақтарда оба бойынша эпиджағдай мен эпизоотиялық болжам анықтайды.

Алдын алу іс-шаралары – басқа мемлекеттерден инфекцияның әкелімін болдырмайтын және эпизоотиялық ошақтарда аурудың тууын алдын алатын іс-шаралар.

Оба профилактикасы: Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алу. Аурудың енуінің алдын алу .Табиғи ошақтарда өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинацилау (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша).

Күтім ерекшеліктері: Оба ауруымен ауыратын адамдарды күту кезінде қатаң эпидемияға қарсы режимды сақтау керек. Обамен ауыратын науқастармен обаға қарсы киімсіз қарым қатынаста болған адамдарды инкубациондық кезең біткенге дейін антибиотиктермен емдей отырып, толық изоляциялайды. Обамен ауырған науқас жатқан бокстың есік терезелері толық жабылуы керек. Бұл бокстарды желдетуге мүлде болмайды. Емдік шаралармен, күтім процесін ұымдастыратын медициналық персонал обаға қарсы киім кию қажет. Оба ауруы кезінде қатаң төсектік режим сақталынады, себебі жүрек қан тамыр жүйесінде зақымдалу байқалады. Минимальды физикалық күш түссе, ол жүрек тоқтауына немесе жүрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Бубонды формасымен ауыратын науқастарда ауру сезімін азайту үшін, жылыту компрестерін қолданады. Шамадан тыс қозу, галлюцинация, сандырақ болуына байланысты мейірбике аурудың жалпы жағдайын қадағалау керек.