Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төлеміс Шотанов – Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы аймақтар басымдықтарын анықтайды

Бүгінде картаға 256 инвестициялық жоба енді, оның ішінде 9,7 млрд теңге сомасындағы 20  жоба қаржыландырылды

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінде Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов хабарлады. «Өңірлік бизнес өкілдері бос жер учаскілері, инфрақұрылым және бизнестің әлеуетті бағыттары туралы ақпарат алуы қажет. Сондықтан «Атамекен» 2016 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын әзірлеу жұмыстарын аяқтады. Бүгінде картаға 256 инвестициялық жоба енгізілді, оның ішінде 9,7 млрд теңге сомасындағы 20  жоба қаржыландырылды. 500 мың кәсіпорынды қамтитын тізілімде 22 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық және сарапшылық келісім жасалды.  Өңірлік картаға туризм, АӨК және бос экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша ақпарат енгізу көзделген», – деді Төлеміс Шотанов.  

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның басым бағыттарының бірі – мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларда отандық тауар өндірушілерін қолдау болып табылады. 2016 жылы мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 5,5 трлн теңгені құраған және осы бағытта ҰКП айтарлықтай нәтижеге жеткен.

«Атап айтқанда  орталық әдіспен сатып алынатын тауар, жұмыс, қызмет көрсету тізбесін ұлғайту, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алуда номенклатурасын одан әрі ұлғайту арқылы типтік техникалық сипаттамасын бекіту, бағаларды төмендетудің қолайлы шекті көрсеткішін бекіту, алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу қорытындысын екіжақты мақұлдау және сатып алулардың бірыңғай ережесін қабылдау қолға алынды», – деді Төлеміс Шотанов.  

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-пен өзара тығыз жұмыс атқарылғанын, тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің Бірыңғай номенклатуралы анықтамалықты кодтау мәселесі  бойынша келісім жасалғанын хабарлады. Жаңа кодтарды енгізуде шешім қабылдаудың алқалық механизмі енгізу жоспарланған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік сатып алуларға айырықша мән береді.  Мәселен, әр аймақта жергілікті қамту үлесі бойынша Комиссиялар құрылған, отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеу, тендерлерге дейін, тендерлерден кейін кезеңді бақылау жұмыстары жүргізілуде.  «Бизнестің өзекті мәселелерінің бірі – қаржы көздерінің қол жетімділігінде. Осы мәселені шешуде аса тиімді Бизнесті дамытудың жол картасы-2020 мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған. Бұл бағдарламаны орындауда ҰКП белсенді атсалысуда», – деді Төлеміс Шотанов.  

ҰКП қолдауымен 2016 жылы шағын және орта бизнес үшін «Бірыңғай зейнетақы жинау қоры» акционерлік қоғамынан қосымша 200 млрд теңге бөлінген. Осы жылы 3 млрд теіге көлемінде жергілікті әкімдіктер тарапынан бөлінбек. «Атамекен»ҰКП инфрақұрылым жеткізу және тиімді жобалар үшін талаптарын қайта қарауға қол жеткізді. Осы ретте «Атамекен» ҰКП қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесін 19%-дан 16%-ға дейін төмендетуді ұсынып отыр.

«2016 жылы бизнесті сервистік қолдау бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Соның нәтиесінде 46 мың кәсіпкер субъектісіне қолдау көрсетілді. Оның ішінде 2 мың кәсіпкер өз кәсібін ашты. 4 мыңнан астам жобалар сүйемелденіп, 8 мың кәсіпкер қаржыландырылды», –деп атап өтті  Төлеміс Шотанов.  

ҰКП ауылдағы бизнес дамуына ерекше мән береді.  Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 2017-2021 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасында «Атамекеннің» бір қатар ұсыныстары енгізілді. Атап айтқанда әр гектар бойынша субсидиялаудан кетіп, әр тонна өнім үшін төлеуге көшу, шағын және орта шаурашылықтарды субсидиялаумен кеңінен қамту.   

Сонымен қатар бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін ҚҚС құны азайтылды. Ендігі меже – агроөнеркәсіпте тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыруға көшуді көздейміз.  

Төлеміс Шотанов сонымен қатар ауыл шаруашылық кооперцияларын құру маңыздылығын, МЖӘ жобаларының дамуын ерекше атап өтті.  ҰКП Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша мемлекеттің ұзақ мерзімді тапсырыстары туралы келісімге қол жеткізді, мемлекеттік-жеке меншік жобалар бойынша құжат процедуралы жеңілдетілген, валюта тұрақсыздығы өтілімі ескеріліп,  Ұлттық палатаның МЖӘ Тұжырымын бизнес жоспармен алмастыру бойынша ұсынысы қолдау тапты.