Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Борис Титов: Қазақстан бизнес-омбудсмені өз тиімділігін дәлелдеді

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендері тығыз байланыста  

РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  ІV Съезіне мейман ретінде қатысты.

Ресейде Бизнес-омбудсмен институты 2012 жылы құрылды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов пен РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов «Өзара ынтымақтастық туралы»  меморандумға қол қойды.

«Атамекен» ҰКП жұмысы, Қазасқтанның бизес-омбудсмені  өте жақсы, өнімді жұмыс істеуде. Бүгінде қазақстандық заңнамалық құзіреті ТМД бойынша ең үздік болып табылады, тіпті кейбір әлем мемлекеттерінен де басып озған. Біз сіздердің тарифтер бойынша реттеу, салық салу жүйесіне қызығамыз. Мәселен, жоғары құқық қорғау органы бизнесті түсініп отыр. Бизнесті қолдау бойынша қыруар жұмыс жасалған. Кедергілерді азайту, заңнамаларды ыңғайлы ету бойынша көрсеткіштер жақсы әсер қалдырды», – деді Борис Титов.

РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл екі елдегі бизнес-омбудсмен саласындағы іс-қимыл туралы хабарлады.

«Біз бизнес-омбудсмен инстиутының құрылғанын қолдадық. Бүгінде Болат Әбілқасымұлымен тығыз байланыс орнаттық, бірімізден біріміз үйреніп, тәжірибе алмасып келеміз. Бірлесіп қараған өтінімдер саны көп емес, Ресей аумағында бұзылған құқыққа қатысты он шақты арыз ғана бар. Бұл билікпен арада болған келіспеушілік емес, біздің кәсіпкерлермен болған дау. Әрине, серіктес таңдауда жауапкершілікпен қарауға кеңес берер едім», - деді Борис Титов.