Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген қайырымдылық науқан

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына енгізілген өзгерістерден кейін Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні 2013 жылдан бері 23 маусымда аталып өтіледі. Осы күнді мемлекеттік қызметшілер мейрамы деп белгілеуге БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясы шақырды. Биыл осы мейрамға 5 жыл.

Мемлекеттік қызметшілер күні Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік қызметшілердің атқаратын маңызды рөлін таныту, олардың еңбегіне құрметпен қарау ретінде  белгіленді.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметшілері «Мемлекеттік қызметшілер қолымен» қайырымдылық науқанын өткізді. Науқан барысында басқармаға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет ісінің ардагерлері шақырылды. Қонақ болып, осы мекемеден зейнеркелікке шыққан  зейнеткер – Омарова Сауле Байзеновна, Меньшикова Валентина Семеновна, Халилова Татьяна Владимировна келді.

Мерекелік жиналыс стандарттан тыс жағдайда дөңгелек үстел үстінде  шай ішіп, әңгімелесу түрінде өтті. Содан соң басқарма басшысы Қанатбек Тоқатов жиналған қауымды кәсіптік мейраммен құттықтады. Ол  «мемлекеттік қызметші лауазымы – кәсіп қана емес, бұл аймақтың игілігіне үнемі жасалатын адал еңбек. Тұрғындар бізден, мемлекеттік органдардың қызметшілері ретінде біліктілікті, тәртіпті және  мінсіз адамгершілікті күтеді, бүгінде біздің қызметте өз ісіне адал берілген қызметшілер аз емес» дей келе, барлығына денсаулық, бейбітшілік, береке және еңбекте табыс тіледі.

Құттықтау сөзінен кейін басқарма басшысы мемлекеттік қызмет ардагерін – С.Б. Омарованы, В.С. Меньшикованы, Т.В. Халилованы Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырлған науқанға қатысқандығы үшін алғыс хатпен марапаттап, мемлекеттік қызметшілердің қолөнер бұйымдарын  ұсынды.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманы Самал Асылханова