Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Табиғатты өрттен қорғайық!

Дала өрттерінің туындауы адам мен оның жұмыс пен демалу уақыттарындағы отты пайдалану кезіндегі салақтығы негіз болып табылады. Өрттердің көбі демалу орындарында, саңырауқұлақ пен жидек теретін орындарда туындайды, жанып бітпеген ши, өшірілмеген темекіден туындайды.  Демалу орындарында бөтелкелер мен шыны қалдықтардың шашылып жатқанын жиі көруге болады. Ыстық күндері осы шыны сынықтарынан өрт шығады. Сөндірілмеген от ошағының салдарынан орман мен даладағы үлкен өртке әкеледі. Жыл сайын біздің республикада үлкен көлемдегі дала өрттері болуда. Өрттердің алдын алу мақсатында дала алқаптарында өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға ерекше назар аудару қажет.

Өрт қауіпті кезеңде от жағуға, жанар-жағармай сіңген сүртілген материалдарды қалдыруға тыйым салынады. Орман алқаптарында   шөптерді, бұталарды, қалдық тамырларды жандыруға, автомобильден сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға,  ашық алаңдарда шыны бөтелкедерді тастауға тыйым салынады.   

 Дала өрттерінің нәтижесінен жүздеген гектар құрғақ шөп жойылады. Мемлекет, яғни біздің барлық қоғам табиғи өртпен күресте айтарлықтай адам ресурстары мен қаржы қаражатын жоғалтады. 

 

 

                                                      Екібастұз қаласы ТЖБ ӨМББ  бас маманы

                                                 азаматтық қорғау аға лейтенанты  Ж.Майманов