kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар

Екібастұз қаласы 17 маусымда өзінің 60-жылдық мерейтойын атап өтті. Қалалық ипподромда спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді: Аламан бәйге, Топ юәйге, Құнан бәйге, Ұшқыр бәйге, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, қол күресі, гір спорты және т.б. Жарысқа барлық қалалардан және Қазақстан Республикасы облыстарынан 90-нан аса адамдар қатысты: Ақкөл ауылы, Алматы облысы, Баянауыл ауданы, Қарағанды облысы, Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Тараз қаласы, Қостанай облысы, Талдықорған облысы, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Ақмола облысы, Павлодар қаласы, Ақтоғай ауданы, Алматы қаласы, Омск қаласы, Ақсу ауданы және т.б.

Құнан бәйге жарысының қортындысы бойынша (8 шақырым) 1-ші орынды лақап аты  «Багира» атты ат, шабандозы Адлет Жуматай алды, аттың иесі Бахтияр Байзаков (Екібастұз қ.) ақшалай сыйлықпен, кубок және грамотамен марапатталды. 2 орынды лақап аты «Гандикап», Нурдаулет Егинтай алды (Павлодар қ.) ақшалай сыйлықпен, кубок және грамотамен марапатталды. 3 орынды -  «Каусар» Айхан Толегенов (Қарағанды қ.) ақшалай сыйлықпен, кубок және грамотамен марапатталды.

Ұшқыр  бәйге ( 2,4 шақырым) жарысында  лақап аты «Пресанелла»  Павлодар қаласынан, шабандозы Едил Хусаинов «Lada Granta» автокөлігін ұтып алды және грамотамен және кубокпен марапатталды. Екінші орынды Павлодар қаласынан – лақап аты «Нұрсат» шабандозы Геннадий Исаков алды. 3-шы орынды лақап аты «Лас Онорс» – Ақтөбе қаласынан шабандозы Нұржігіт Табылдиев алды.

Топ байге (10 шақырым)  жарысынан лақап аты «Талас» Шығыс Қазақстан облысынан келген қонағымыз  шабандоз Есентұр Турганаұлы алды және  «Lada Granta» автокөлігінің кілті табысталды. 2 орын – Алматы қаласынан «Мадина» атты  жүйрік, шабандозы Дінмухаммед Мағауия алды, ақшалай сыйлықпен және кубок, грамотамен марапатталды, 3 орынды - лақап аты «Крассула» атты жүйрік, шабандозы ШҚО Семейден келген қонағымыз Ербұлан Тлеуғалы алды және  ақшалай сыйлықпен, кубок, грамотамен марапатталды.

Аламан байге (18 шақырым): 1 орынды Қарағанды қаласынан келген қонағымыз шабандоз Бекбулат Каиржанов алды және  «Lada Granta» автокөлігінің кілті табысталды, атының лақап аты - «Лаки Глория-13». 2 орынды Талдықорған қаласынан келген   шабандоз Ринат Кожаханов, атының лақап аты «Сұлтан», 3 орынды Қарағанды қаласынан келген шабандоз Мирас Тлеуберлин алды, атының лақап аты  - «Алхатал».

«Көкпар» ұлттық ат спорты бойынша ақтық ойын өткізілді: Нәтижесінде 1 орынды Екібастұз қаласының Ақкөл ауылынан «Пырақ» командасы, 2 орынды Май ауданынан «Саты» командасы, 3 орынды – Ақкөл ауылынан «Көк бөрі» командасы алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер (автокөлік және ақшалай сыйлық) демеушілер және қатысушылардың салымы есебінен, сонымен қоса «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ның грамотасымен, кубокпен және 1 орын иеленген аттар үшін ат жамылғысымен марапатталды.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза