kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

2015 жылдың 16 қарашасында ҚР-ң «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы қабылданды. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – тұрғындар мүддесін сырқат, жарақат, жүктілік пен босану, мүгедектік пен қартаю болған жағдайда денсаулықты қорғаудағы әлеуметтік қорғау формасы.

МӘМС барлық сақтандырылған азаматтарға жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне  және табыстарына қарамастан медициналық және дәрілік жәрдемге тең қолжетімділікті кепіл етеді.

Заңның ережелеріне қатысты жарналардың төлеушілері:

1) мемлекет;

2) жұмыскерлер;

3) дара кәсіпкерлер;

4) жекеше нотаруистер;

5) жеке сот орындаушылары;

6) адвокаттар;

7) кәсіби медиаторлар;

8) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады.

Қорға жарналар төлеуден келесі азаматтар босатылады:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарында күндізгі бөлімде білім алып жатқан тұлғалар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

 10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы тұлғалар.

Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет тарапынан жасалатын жарналар келесі мөлшерде орнатылады:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 5 пайызы;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары келесі мөлшерде орнатылады:

2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары аударымдары келесі мөлшерде орнатылады:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге жататын жарналары:

2017 жылғы 1 шілдеден бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 3 пайызы;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Жұмыскерлердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Жараналарды төлемеген жағдайда, Сіз МӘМС қатысушысы болмайсыз және Сізде медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық жәрдемге қатынау құқығы болмайды. Алайда Сіз мемлекетпен кепіл етілген медициналық жәрдем көлемін ала аласыз, оған келесілер кіреді:

- жедел жәрдем және санитарлық авиация;

- әлеуметтік маңызды сырқаттар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық жәрдем;

- профилактикалық егулер;

- 2020 жылға дейін амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен бірге амбулаторлық-поликлиникалық жәрдем.

Медициналық қызмет көрсетулердің қалған басқа түрлері ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 92-1 бабына сәйкес ҚР-ң МӘМС заңнамасымен қарастырылған жұмыс берушілермен, дара кәсіпкерлермен, жекеше нотариустермен, жеке сот орынлаушыларымен, адвокаттармен, кәсіби медиаторлармен МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлемеу (аудармау), уақытылы аудармау және (немесе) толық төлемеуі (уақытылы және (немесе) толық аудармауы) түріндегі жұмыс берушінің МӘМС-ке аударымдарды және жарналарды аудару бойынша міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда ескерту беріледі.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін бір жылдың ішінде осындай әрекеттерді қайталаған жағдайда МӘМС-ке аударымдар мен жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақытылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) сомасынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе саудалық емес ұйымдарға жиырма пайыз мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.   

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен басталатын кезеңді қоса алғанда 911.00 СЕН-де МӘМС-ке жарналарды көрсетпей 2017 жылға патент алған патент негізіндегі арнайы салық тәртібін қолданатын салық төлеушілерге патент құнының қосымша есебін ұсыну қажет.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза