Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралар есте сақтаңыздар

Жазғы уақытта  үлкендердің балалардың жылы суға түсіп, дем алғылары келеді. Бұл денсаулыққа өте пайдалы екені сөзсіз, бірақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін, кейбір қауіпсіздік шараларын есте сақтаған жөн.

Келесі ережелерді қатаң түрде ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР:

- рұқсат берілген жерлерде және арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу қажет.

- шомылуға арналған жерде қойылған межеден асып малтуға;

- қайықтардан, кішкене кемелерден және басқада жүзуге арналған жабдықтар мен кемежайлардан секіруге;

- спирттік ішімдіктер ішуге;

- мас күйде шомылуға;

- су мен жағаны ластауға (шөлмектерді, қаңылтыр банкаларды, қоқыстарды лақтыруға)

- жағажайға иттер мен басқа жануарларды апаруға  ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

                 

Шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралар:

- шомылуға суы таза, түбі тегіс, тереңдігі үлкен емес жерлерді таңдаған жөн;

- тамақтанып алып және ауыр жұмыс істегеннен кейін бірден шомылмаңыздар, тамақтану мен шомылудың арасындағы үзіліс 45-50 минуттан кем болмауы керек;

- шомылатын жердің тереңдігін білмей, сүңгуге болмайды – су түбіндегі тастарға баспен соғылып, талып қалуыңыз немесе қайғылы жағдайға душар болуыңыз мүмкін.

Осы ережелерді сақтасаңыз, Сіз өзіңізді және өзіңіздің туыстарыңызды қауіпсіз демалыспен қамтамасыз етесіз !!!

Суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетудің негізгі іс-қимылдары:

1) зардар шеккен адамды шашынан тартып алып шығу;

2) зардар шеккен адамды кез келген қолтығынан алып шығару;

3) зардар шеккен адамның жүрегіне тікелей емес массаж жасау;

4) зардар шеккен адамға жүрек массажы мен жасанды дем алу амалдарын бір уақытта жасау қажет.

 Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге кез келген адам қоңырау шалып, басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

төтенше  жағдайларды ескерту

тобының бас маманы 

                                                                                     М.К. Хамитова