Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жазғы сауықтандыру мезгілінде тамақтан уланулардың алдын-алу шаралары туралы

Жазғы маусым тек жылы шуақты күндер, таза ауада серуендеу ғана емес, ол сонымен қатар тамақтан уланулардың болу қауіптілігі. Тамақтан улануларға барлық жастағы адамдар бейім, әсіресе кішкентай балалар жиі шалдығады.

Тамақтан уланулар деп асқорыту жүйесінің сапасы төмен, ауруға шалдықтыратын микроорганизмдер және олардың токсиндарымен ластанған, өсімдіктектес немесе жануартектес (улы өсімдіктер және олардың тұқымдары, саңырауқұлақтар) тағамдарды қабылдауынан туындаған ауруды айтады. Улану кенеттен басталады, әсіресе балаларда, және көптеп құсу, іштің ауруы, нәжістің сұйылуымен сипатталады, балалар өздерін нашар сезінеді, мазасызданады, басы ауырады.

Тамақтан уланулардың алдын-алу үшін қарапайым гигиеналық қағидаларды ұстанған жөн, яғни: қолды жақсылап сабындап ыстық сумен сырттан келгенде, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін жуу, қайнаған суды қолдану, сүтті қайнатып ішу, дайындалған тамақты тек тоңазытқышта сақтау. Өсімдіктектес умен уланудың алдын-алу үшін әсіресе кішірек балаларға өздігінен жидек жинауға, бейтаныс өсімдіктерді,саңырауқұлақтарды жеуді болдырмау керек.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманының м.а.                                                                                АбдрахманБ.У.