Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тағаммен уланулардың алдын алу шаралары»

Таза және жиі жуу оңай сияқты. Ережесі де қиын емес. Ас дайындар алдында барлық азық-түліктерді мұқият жуып, тазарту. Әрбір өнім түріне – шикі өнімге жеке, дайындалған өнімге жеке турау тақтайшаның болуы керек. Аса қауіпті тағам өнімдеріне – шикі, шала пісірілген жұмыртқалар; тауық, үйрек, шошқа, сиыр және басқа ет түрлері; сүт және сүт өнімдері; шала қуырылған котлеттер,  паштет, ливерлі шұжық, ысталған шошқа еті; дірілдек – бұл кез келген микробтардың көбеюіне ықпал ететін орта, тіпті ғалымдардың өзі зертханаларда бактерияларды өсіру үшін осы дірілдекті (холодец) пайдаланады; теңіз өнімдері; мидии, креветкалар, кальмарлар және басқалар; картоп және жұмыртқа қосылған салаттар да микробтар үшін жақсы орта, картоп крахмалы болса, бұл - микробтар үшін азықты көмір қышқылы болып табылады; күріш және одан жасалатын дайын азық-түліктер де дәл осылай, күріш құрамында да, картоптағы сияқты крахмал бар; кремі бар тәтті нан мен торттар; тамыр көкөністерді: сәбізді, қызылшаны, картопты және басқаларды алдымен жақсылап жуу керек, содан соң жақсылап тазартып, тағы бір рет жуу керек, ағынды су астында жуған жөн. Нашар тазартылған және жуылған тамырлы көкөністер арқылы  кеміргіштермен таралатын микробтармен ластанылуы жиі болып жатады. Осы азық-түліктердің сақталу мерзімдері мен шарттары бұзылған кезде тағаммен улануға шалдығу мүмкін. Сондықтан да тағамды жақсылап пісіріп, қуыру қажет. Тіпті тоңазытқыштың өзінде-ақ ештенені ұзақ уақыт сақтамаған дұрыс! Кейбір үй шаруасындағы әйел адамдар тоңазытқышта 2 күн тұрған сорпаны қайта қайнатса, қауіпсіз болады деп санайды. Әрине бұл – дұрыс емес, кейбір микробтар токсиндерді сыртқа шығарады, олар қайталанған термоөңдеуден өткенде қауіптілігін тіпті жоғарлатады. Салаттар, десерттер –кремі бар тәтті нан және торттарды сақтамай, бірден әзірленген соң желінгендігі жөн болар. Қимасаңыз да қалған қалдықтарды лақтыру қажет. Жазғы кезеңде ауа температурасының артуына байланысты, тек қайнатылған және бөтелкеленген суды ішу керек.

Тұрмыста ас бөлмеде, үстелді, үстелшені, турайтын тақтайшаларды зарарсыздандыру құралдарымен өңдеу қажет. Ас бөлме керек-жарақтары: көкөніс турауышты, үккішті, етбөлушіні, турайтын пышақтарды жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолдана, жиі жуып тұру керек, жақсылап сумен шайып, ыстық суға батырып алған дұрыс. Мұны тамақ дайындау және тамақ дайындаған соң жасау керек. Тек таза ас бөлме орамалдарын қолданып, тіпті қағаз орамалдарды қолданса, жақсы болар. Тамақ дайындағанда, тағамды үстелге қоярда және тамақты жер алдында, сондай-ақ дәретханадан соң қолды сабынмен жиі және тазалап жуу керек. Егер терінің іріңді аурушаңдылығы болса, онда барлық отбасының қауіпсіздігі мақсатында, оларды тағам дайындауға жолатпау керек.

Дәретхана және ванна бөлмесінің жуылуын, санитарлық-техникалық құрылғының-раковинаның, унитаздың жуылуын жиі, зарарсыздандыру құралдарының қолданылуымен жүргізіп отыру керек.

Егер де тамақ ішкеннен соң, ішіңіз ауырып, жүрегіңіз айнып, құсатын болсаңыз және ыстығыныз көтерілсе, мұндай белгілер тағаммен уланғаннан соң жарты сағаттан кейін, кейде 2-3 сағаттан соң көрініс табады. Антибиотик дәрілерге бірден жүгінбеңіздер! Өзіндік емдеумен айналыспаңыздар! Бірден дәрігерге қаралған жөн болар, ал дәрігер болса тиісті емді тағайындайды.

 Екібастұз қалалық

 қоғамдық денсаулық сақтау

 басқармасының бас маманы                                          Жармұқанова А.К.