Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Борышкер ЖАІ»

Мәжбүрлі түрде орындату шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамырынан  30 маусымына дейінгі кезеңде  Екібастұз өңірінің аумағында  Павлодар облысы әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Борышкер» жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде Екібастұз қаласының ІІБ 6,5 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады  ( 2016ж.-6867), 

оның ішінде 3 мың 658 материал жол қауіпсіздігі саласы бойынша анықталды (2016г- 4046),

2 мың 888 қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша (2016г.- 2601).

Өндіріп алу пайызы 47% құрады.

Сонымен қатар, Екібастұз өңірі тұрғындарына қатысты олардың басқа  елді мекендерде жасаған құқық бұзушылықтары бойынша 6 млн.теңгеге жуық сомаға 520 материал басқа өңірлерден келіп түсті.

ІІБ-мен  ЖАІ өткізілген 3 күн ішінде  1,5 млн. теңге сомаға айыппұл өндіріп алынды, айыппұл тұрағына 5 автомашина  қойылды. Құқық бұзушылардың  жұмыс орындарына  32 материал жолданды.

2017 жылдың наурыз айында учаскелік инспекторларға, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне әкімшілік хаттамаларды жасау орнында  онлайн режимде айыппұлдарды төлету үшін 34 дана Форте банктің жылжымалы  портативті  терминалдары берілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының назарына Открытый өткелі №9 бойынша  әкімшілік  полиция бөлімінің ғимаратында Халық банкінің  стационар терминалы орнатылғанын жеткіземіз, ол бойынша құқық бұзушы хаттама жасалғаннан  кейін  7 жұмыс күн ішінде айыппұлды  50% айыппұл  төлемімен дереу төлей алады.

Қазіргі таңда полицияның учаскелік пунктерінде орнатылған терминалдар және авто патрульдар бойынша  тұрғындармен 340 мың 350 теңгеге 15 айыппұл төленді.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабына сәйкес (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) 2017 жылдың есептік кезеңі ішінде 32 қасақана төлемеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 30-ы тұтқынға алынды, 2-не қатысты қайта айыппұл салынды.

Құрметті, Екібастұз өңірінің тұрғындары, Сіздерден құқықтық тәртіпті бұзбауды және айыппұлдарды заңнамамен белгіленген мерзімде төлеулеріңізді сұраймыз.